Мектепшілік бақылау » В. Г. Белинский атындағы орта мектеп
Алматы облысы
Қарасай ауданы білім бөлімінің
"В.Г.Белинский атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
09
декабрь
2021

Мектепшілік бақылау

Мектепішілік бақылау – педагогикалық менеджменттің негізгі компоненті, білім беру ұйымының қосалқы жүйелері арасында кері байланыс рөлін атқаруға арналған басқарудың жетекші қызметі.
Мектепішілік бақылау бағыттары: Білім беру мазмұны; Оқу процесіндегі өзара қарым-қатынас; Оқу нәтижелерін бағалау.
Мектепішілік бақылауды жүзеге асыру
• Жоспарланған іс-шаралардың бәрі әкімшілік мүшелерінің арасында бөлінеді, мерзімі белгіленеді
• Бақылауды жүзеге асыру туралы бұйрық жасалады
• Тексеру алгоритмі құрастырылады
• Тексеру нәтижесіне анықтама жазылып, бұйрық шығарылады
• Кеңестерде қаралады
• Кері байланыс және түзету жұмыстары жүргізіледі.
2018-2019 оқу жылына арналған мектепішілік бақылау жоспары;
2019-2020 оқу жылына арналған мектепішілік бақылау жоспары;
2020-2021 оқу жылына арналған мектепішілік бақылау жоспары;
2018-2021 оқу жылына талдамалық есебі.
Бүгінгі күнде В.Г.Белинский атындағы мектептің барлық білім алушы саны-2768
Сынып комплектісі – 94, мектепалды даярлық сыныптары – 3.
1-4 сыныптар – 1132 білім алушы; 5-9 сыныптар – 1344 білім алушы; 10-11 сыныптар – 292 білім алушы
Оқу жылдары Оқушылар саны Озат оқушылар Екпінді оқушылар Білім сапасы
2018-2019 2582 620 1005 63%
2019-2020 2806 775 1089 75%
2020-2021 2877 783 1045 70% (1сынып бағаланбайды жыл бойы)
Соңғы үш жылдағы оқушылардың білім деңгей 6,3 % өсті.

1.Педагогикалық кадрлармен жұмыстың сараптамасы
1.1. Педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттырудың нәтижелілік сараптамасы
р\с Барлығы Курстан өткені
2018-2019 2019-2020 2020-2021
183 59 46 78

2018 - 2020 жылдар аралығында біліктілікті арттыру курстары «Өрлеу» ұлттық үздіксіз білім беру орталығы» АҚ және «Назарбаев Зияткерлік мектептері» АҚ Педагогикалық шеберлік орталығының деңгейлі бағдарламалары бойынша өткізілді.
2016 жылдан бастап мұғалімдерге арналған үздіксіз білім беру курстары орта білім мазмұнын «Жаңартылған білім мазмұны» бойынша аясында өткізіліп келеді. Барлығы, кестеге сәйкес, 3 жылдан астам уақыт ішінде 100% мұғалім оқытылды. 2021 жылы «Pisa» білім беру бағдарлама аясында 65 мұғалім (36%)курстан өтіп, сол бағыт бойынша жұмыстар жүргізілуде. Цифрлық құзіреттілік курсынан 100% мұғалімдер сертификатталған.
2018-2021 оқу жылдарында 5-11 сынып оқушыларына «Робототехника» элективті курсын енгізіліп, информатика пәнінің мұғалімдері «Өрлеу» ғылыми-өндірістік орталығы »АҚ базасында робототехниканы дамыту бойынша курстарда оқыды.

1.2.Педагогикалық кадрлардың аттестациялық нәтижесінің сараптамасы
Аттестация – педагогикалық біліктіліктің бір бөлігі. Ол мұғалімдердің шеберлігін шыңдап, шығармашылық белсенділігін арттырып, педагогикалық еңбектің жиынтығын көрсетеді.
2018-2019 оқу жылымен салыстырғанда орта білім беретін мұғалімдердің жалпы санынан жоғары және бірінші санатты мұғалімдердің үлесінің арту тенденциясы байқалады. (2018-2019 оқу жылында педагог-зерттеуші – 6 мұғалім (4%), педагог-сарапшы – 1 мұғалім (0,7%), педагог-модератор – 2 мұғалім (1,4%), 2019-2020 оқу жылында педагог-зерттеуші – 36 мұғалім (23%), педагог-сарапшы – 12 мұғалім (7,6%), педагог-модератор – 10 мұғалім (6,4%), 2020-2021 оқу жылында педагог-зерттеуші – 58 мұғалім (32%), педагог-сарапшы – 26 мұғалім (14,2%), педагог-модератор – 35 мұғалім (19,1%) сертификаттаудан өтті.

1.3. Педагогикалық кадрларға сұранысты талдау
Келесі бес жылға арналған оқытушылық құрамға қажеттілікті талдау жедел шешуді қажет ететін бірқатар проблемалардың бар екендігін көрсетті. Біздің ауданда мұғалімдердің қартаюы сияқты проблема жоқ. Себебі орташа жасы - 40-45 жас. Жас мұғалімдер саны артып келеді. Қазіргі таңда, мектебімізде жас мамандар саны – 23 (12% құрайды) мұғалім. Бүгінгі таңда зейнетке шығу және зейнет жасына дейінгі жас саны - 17 мұғалім (бұл жалпы санның 9%), яғни бұл 55 жастан асқан адамдар.

1.4. Келесі оқу жылына қажет ететін вакансия

р/с Пәндер Вакансия саны
1 Орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі орыс сыныптарына - 2
2 Бастауыш сынып мұғалімі орыс сыныптарына - 2
Аудан бойынша 5 жылға арналған болжам жоспары бойынша мұғалімдерге деген қажеттілік жоқ.

Похожие публикации:

19 сентябрь 2018 Пед Совет
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив