"Балалар әлемі" республикалық шығармашылық көрмесі
14 сәуір күні Ұлттық Мемлекеттік музейде ұйымдастырылған "Балалар әлемі" республикалық шығармашылық көрмесінде үздік жұмыс көрсеткен Краус Эвелина мен Башкатов Артёмді , жетекшісі Аубакиров Қуаныш Тохтамысовичті жетістіктерімен құттықтаймыз. Оқушылардың көрме жұмыстары Республика көлемінде 300 жұмыстың ішінде үздік ондыққа іліккен. Оқушыларымыз Дипломмен және "Түркістан тарихы" кітабымен марапатталды. Жетістіктеріңіз құтты болсын!